Кітапхана — сенің жеке ГУГЛ-ың

17.04.2026 17:11 Администратор библиотеки
Кітапхана — сенің жеке ГУГЛ-ың

№13 балалар кітапхана-бөлімшесінде «Кітапхана — сенің жеке ГУГЛ-ың» атты ақпарат күні ұйымдастырылды. Іс-шараға кітапхана оқырмандары мен 6-сынып оқушылары қатысты. Ақпарат күні аясында кітапхана бойынша танымдық экскурсия өткізіліп, «Кітап сүйер жүректер мерекесі» атты ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Бағдарлама Ұлттық кітап күніне арналды. Күн барысында қатысушыларға «Оқы, парақта – әлемді таны» атты жаңа кітаптарға шолу, «Журнал әлемі» атты журналдар таныстырылымы, сондай-ақ «Кішкентайларға арналған кітаптар» оқырмандарына арналған танымдық әдебиеттер ұсынылды. Сонымен қатар «Кітаптық швед үстелі», «Бізді қоршаған әлем» атты кітап көрмелері және «Көптен күткен жаңалықтар», «Мульткейіпкерлер кітап беттерінде», «Ғылым мен техника әлемі» сияқты тақырыптық көрмелер көрсетілді. Әр оқырман өзіне қызықты кітапты таңдап, мазмұнды ақпарат алды. Іс-шара танымдық әрі әсерлі өтіп, кітапхананың білім мен ақпараттың сенімді көзі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР