“Өз кітабыңды тап” әдеби компас
4 сәуір күні №16 кітапхана қызметкерлері Балалар кітабы апталығы аясында 6-сынып оқушыларына арналған “Өз кітабыңды тап” атты әдеби компас өткізді. Оқушылар топтарға бөлініп, жанрлар әлеміне саяхатқа шықты. Негізгі бағыттаушы үлкен компас-плакат болды: әр топ тілін айналдырып, дәл сол көрсеткен бағыт бойынша қандай сынақтан өтетінін анықтады — шытырман оқиға, фантастика, классика, детектив немесе поэзия.