«Пасхаға арналған сыйлық себеті» шеберлік сабағы
10 сәуір күні №16 кітапхана-филиалының қызметкері «Белсенді аналар» клубы аясында «Пасхаға арналған сыйлық себеті» атты шеберлік сабағын өткізді. Пасха мерекесінде ең кең таралған сыйлықтардың бірі – тәттілерге, түрлі кәмпиттерге және боялған жұмыртқаларға толы себет. Бүгінгі шеберлік сабағында қатысушылармен бірге дәл осындай себетті өз қолымызбен жасап, жақындарымыз бен таныстарымызды қуантуды мақсат еттік. Нәтижесінде біз осы мерекенің шырайындай жылулық пен мейірімге толы әдемі сыйлық дайындадық.