Ұлттық кітап күні

24.04.2026 15:17 Администратор библиотеки
Ұлттық кітап күні

23 сәуір күні Ұлттық кітап күніне орай кітапханаға РМҚК №31 мекемесі қызметкерлері келді. Қонақтарға арналған экскурсия барысында еліміздің тарихы мен мәдениетіне арналған жаңа кітаптар таныстырылды. Іс-шара барысында «Оқитын ұлт» кітап сөресі ерекше қызығушылық тудырды. Онда қазақ және әлем әдебиетінің классикалық туындылары мен оқырмандардың сұранысына ие үздік кітаптар ұсынылған. Сонымен қатар қазақ жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығына арналған «Бір ел – бір кітап» тақырыптық сөресі де көрсетілді. Қатысушылар «Бір ел – бір кітап» акциясының маңызын атап өтіп, оның бір туындыны бірге оқу арқылы қоғамды рухани тұрғыдан біріктіретінін, ұлттық мәдени құндылықтарды нығайтатынын айтты. Іс-шара соңында қонақтар кітапхана қызметкерлеріне оқуды насихаттау және рухани мұраны сақтау жолындағы еңбектері үшін ризашылықтарын білдірді.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР