«Ел қуаты – халық бірлігінде» атты әңгіме

30.04.2026 12:30 Администратор библиотеки
«Ел қуаты – халық бірлігінде» атты әңгіме

28 сәуір күні №16 кітапхана-филиалында «Огонёк» би тобының тәрбиеленушілеріне арналған «Ел қуаты – халық бірлігінде» атты танымдық әңгіме ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан халқының бірлігі күніне арналды. Бұл мереке – еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің достығы мен татулығын, өзара сыйластығын дәріптейтін ерекше күн. Кездесу барысында балалар мерекенің шығу тарихымен танысып, оның қоғамдағы маңызы туралы мағлұмат алды. Әрі қарай қатысушыларға арналған қызықты әрі танымдық викторина өткізіліп, олар Қазақстанның мәдениеті, салт-дәстүрлері жайлы білімдерін ортаға салды. Іс-шараның соңында «Бейбітшілік көгершіні» атты шығармашылық шеберлік сағаты өтті. Балалар бейбітшілік пен бірліктің нышаны саналатын көгершін бейнесін қолөнер арқылы жасап, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР