Кілем – тұмар ретінде

27.03.2026 16:50 Администратор библиотеки
Кілем – тұмар ретінде

№1 филиал кітапханасында №7 ЖББМ 4-сынып оқушыларына арналған «Кілем – тұмар ретінде» атты шеберлік сағаты өткізілді. Кітапханашы оқушыларға қазақ халқының мәдениетіндегі кілемнің маңызын түсіндірді. Текемет пен сырмақ сияқты кілем түрлері көшпелі өмірде үлкен рөл атқарған: киіз үйді жылы ұстаған, тұрмысты көркейткен және тұмар ретінде қолданылған. Сонымен қатар, ою-өрнектердің мәні туралы айтылып, олардың тек әсемдік үшін емес, жамандықтан қорғайтын белгі ретінде де пайдаланылғаны түсіндірілді. Одан кейін балаларға өз қолдарымен тұмар-кілем жасау ұсынылды. Оқушылар қызығушылықпен оюларды қиып, жапсырып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Жұмыс барысында бір-біріне қолдау көрсетті. Нәтижесінде ерекше әрі әдемі тұмар-кілемдер жасалды.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР