«Кітап қаласындағы кездесулер»

07.04.2026 10:09 Администратор библиотеки
«Кітап қаласындағы кездесулер»

5 сәуір күні Шахан кентіндегі №8 кітапхана-филиалында балалар кітаптарының мерейтойына арналған «Кітап қаласындағы кездесулер» атты мерейтойлық кітап шеруі ұйымдастырылды. Іс-шараға кітапхананың жас оқырмандары қатысты. Кездесу барысында балалар биылғы жылы мерейтойы аталып өтетін кітаптармен танысып, танымал шығармалардың жазылу тарихы мен авторлары туралы көптеген қызықты деректер білді. Олар «Буян аралында», «Сүйікті ертегілер», «Кейіпкерді сипаттамасынан таны» атты викториналарға белсенді қатысып, өз білімдерін көрсетті. «Кейіпкерлермен бірге ән айтайық» атты музыкалық ойын ерекше көңілді өтті. Балалар мультфильмдердегі сүйікті әндерді танып, бәрі бірге шырқап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. «Винни Пухта қонақта» атты сөзжұмбақ та үлкен қызығушылық тудырды. Іс-шара соңында «Сиқырлы сандық» ойыны ұйымдастырылып, балалар тапқырлықтары мен зеректіктерін дәлелдеді. Бұл кездесу балалар үшін қызықты да мазмұнды өтті. Қоштасу кезінде кітапханашылар балаларға танысқан мерейгер кітаптарды оқуға кеңес берді.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР