Туған жерім, кең далам

14.04.2026 14:25 Администратор библиотеки
Туған жерім, кең далам

11 сәуірде Шахан кентіндегі №8 кітапхана-филиалында «Эко» экологиялық клубының кезекті отырысы аясында «Туған жерім, кең далам» атты экологиялық ассорти ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдерді туған өлкенің қайталанбас табиғатымен таныстырып, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру болды. Кездесу барысында қатысушылар «Ұлы дала» атты танымдық бейнероликті көріп, қазақ даласының әсем көріністеріне куә болды. Қалықтаған қырандар мен желмен тербелген боз жусан бейнесі балаларға ерекше әсер қалдырды. Сонымен қатар, кітапханашылар «Туған табиғаттың көркі» атты кітап көрмесіне шолу жасап, дала флорасы мен фаунасы туралы мазмұнды басылымдармен таныстырды. Іс-шара барысында балалар «Сарыарқаның жасыл байлығы», «Дала мен орман белдеуінің жануарлары», «Біздің қанатты достарымыз» тақырыптарындағы викториналарға белсене қатысып, өз білімдерін сынады. Қатысушылар тапқырлық танытып, табиғат жайлы білімдерінің жоғары деңгейде екенін көрсетті. Шара соңында балалар табиғатты қорғаудың маңыздылығы туралы ортақ пікірге келді. Олар туған жер табиғатының әрбір бөлшегін аялау қажеттігін түсініп, оны сақтауға уәде берді. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР