«Шебер және оның туындылары» әдеби портрет

23.04.2026 15:28 Администратор библиотеки
«Шебер және оның туындылары» әдеби портрет

17 сәуір күні кітапхана қызметкерлері Ұлттық кітап апталығы аясында көрнекті қазақ жазушысы Қабдеш Жұмаділов шығармашылығына арналған «Шебер және оның туындылары» атты әдеби портрет өткізді. Іс-шара барысында  «Шахтинск қаласының арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» КММ қамқорлығындағы қатысушылар жазушының өмір жолы мен шығармашылық қызметімен, қазақ әдебиетінің дамуына қосқан зор үлесімен танысты. Жазушының шығармаларындағы тарихи оқиғалар, адам тағдырлары мен халықтың рухани құндылықтары кеңінен көрініс табатынына ерекше назар аударылды. Қатысушылар Жұмаділовтің көркемдік стилінің ерекшеліктерін, ұлттық болмысты терең бейнелеуін және оның шығармаларының қазіргі заманмен үндестігін талқылады. Әдеби портрет қатысушылардың оқырмандық көкжиегін кеңейтіп, отандық әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР