«Музыка мен сөз оның шеберлігіне бағынған» әдеби-музыкалық кеш

23.04.2026 15:31 Администратор библиотеки
«Музыка мен сөз оның шеберлігіне бағынған» әдеби-музыкалық кеш

17 сәуір күні №8 кітапхана-филиалының қызметкерлері Шахтинск қаласының  «Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына» КММ барып, қазақтың көрнекті жазушысы әрі композиторы Ілия Жақановтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Музыка мен сөз оның шеберлігіне бағынған» атты әдеби-музыкалық кеш өткізді. Іс-шара барысында қатысушылар мерейтой иесінің өмірі мен шығармашылық жолымен танысып, оның қазақ әдебиеті мен музыкалық өнерінің дамуына қосқан елеулі үлесі туралы мағлұмат алды. Кеш барысында автордың шығармаларынан үзінділер оқылып, оның бай шығармашылық мұрасын танытатын музыкалық туындылар орындалды. Қатысушылар кешке белсене қатысып, Жақанов шығармаларының көркемдік тереңдігін және ұлттық мәдениетті дамытудағы маңызын атап өтті. Іс-шара жылы, әсерлі атмосферада өтіп, қатысушылардың рухани танымын кеңейтуге және өнерге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР