«Қазақ әдебиетінің әлемі» Әдеби ойын

23.04.2026 15:35 Администратор библиотеки
«Қазақ әдебиетінің әлемі» Әдеби ойын

23 сәуір күні №8 кітапхана-филиалының қызметкерлері Ұлттық кітап апталығы аясында «Қазақ әдебиетінің әлемі» атты әдеби ойын ұйымдастырды. Шара барысында қатысушылар қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармалары бойынша білімдерін сынап, танымал авторлар мен олардың туындыларын еске түсірді. Сонымен қатар логикалық ойлау мен шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған түрлі тапсырмаларды орындады. Ойын бағдарламасына викториналар, әдеби кейіпкерлерді тану сайыстары және шығармашылық тапсырмалар енгізілді. Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Сәкен Сейфуллин сынды классиктердің шығармашылығына ерекше назар аударылды. Іс-шара тартымды әрі серпінді түрде өтіп, қатысушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, қазақ әдебиетінің құндылықтарын тереңірек тануға мүмкіндік берді.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР