Әлемге әйгілі Рэй Брэдберидің «Бақбақ шарабы» атты романы он екі жасар Дуглас деген бала туралы. Кітап көңілі кіршіксіз таза, күйбең тіршіліктің уайымынан алыс балақайдың естеліктеріне толы. Дуглас үшін жаз — тұтас өмір, ал жаңа теннис туфлиі, қалашықтағы тұрғындардың хикаясы, бәрінің үрейін туғызған құбыжық және ең бастысы, жыл сайынғы отбасылық дәстүр — бақбақ шарабын әзірлеу — сол үш айлық өмірдің қызығы. Жазушы бұл романға отбасы, достық, адалдық, балалық шақ, адам өміріндегі әртүрлі кезеңнің өз қиыншылығы сияқты тақырыптарды арқау еткен.
Брэдбери Р. Бақбақ шарабы: роман. – Астана: Фолиант, 2025. – 288 б. – (Әлемдік классика).
Санаты: көркем әдебиет
Жыл: 2025
Сақтау орны: аб, ф1, ф2, ф8, ф11, ф16