«Париж Құдай-ана соборы» — танымал француз жазушысы Виктор Гюгоның әйгілі романы. 1831 жылы жарық көрген бұл туынды — француз тілінде жазылған ең алғашқы тарихи роман. Тілі көркем туындының тартымды да таңдай қақтырар сюжеті жан дүниеңізді баурап алып, сізді автормен бірге Париждің өткен өміріне таңғажайып саяхатқа ала жөнеледі. «Париж Құдай-ана соборы» шығармасының желісі бойынша ондаған фильм түсіріліп, театр төрінде бірнеше қойылым сахналанған. Кітап көпшілік оқырманға арналған.
Гюго В. Париж Құдай-ана соборы: роман. – Астана: Фолиант, 2025. – 664 б. – (Әлемдік классика).
Санаты: көркем әдебиет
Жыл: 2025
Сақтау орны: аб