Икигай — жапондардың бақытты өмір сүру концепциясы. Кітап авторы, жапондық ғалым, нейробиолог Кен Моги икигайға жетудің негізгі бес құпиясын баяндайды. Олар: үлкен іске ұмтылмай, алдымен ұсақ-түйектен бастау керек; еркін болу — басқалардың пікірінен тәуелсіз, батыл болуға ұмтылу; үйлесімділік пен тұрақтылық — жапон мәдениетіндегі икигай қоршаған ортамен үйлесімділікте болуға тікелей байланысты. Онсыз тұрақтылық орнамайды; бақыт тек қана үлкен жетістік, мақсатқа жету немесе байлық емес — адам болмашы нәрсеге қуана білуі керек; бүгінгі күнмен өмір сүру. Қарапайым тілмен айтқанда, икигай — күнделікті істеп жүрген ісімізге қанағаттану, сондай-ақ өмірден өз қуанышымызды табуға көмектесетін және ұзақ өмір сүруге ықпал ететін жапон философиясы. Икигайдың арқасында адамдар айналасындағы әлемнің сұлулығын байқап, ұсақ-түйек нәрселерден ләззат алуды үйренеді, үйлесімділік пен жан тыныштығын табады. Икигай сіздің жеке өміріңізде және кәсібіңізде табысқа жетуге ықпал етеді. Оның себебін сіз осы кітапты оқығанда түсінесіз.
Моги К. Икигай. Өмір туралы жапондық философия. - Астана: Фолиант, 2025. – 160 б.
Санат: Әлемдік бестселлер
Жыл: 2025
Сақтау орны: аб, ф1, ф2, ф8, ф11, ф16