Қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаған қаламы қарымды жазушы Кемел Тоқаевтың «Ұясынан безген құс» романы шытырман оқиғаға құрылғанымен, онда моральдық мәселелер де алдыңғы орынға шығады. Түрлі шым-шытырық ситуациялар барысында кейіпкерлердің ішкі психологиялық-моральдық тартысы шеберлікпен ашылады. Шығармада жазушы ағайын арасының татулығына дақ түсіретін қызғаныш, көреалмаушылық, маскүнемдік, зинақорлық секілді қылықтарды әшкерелеп, құқық қорғау қызметкерлерінің ауыр еңбегін көркем тілмен сипаттайды. Ізгілік пен адалдықты ұстаным ететін туындының идеялық түйіні ұясынан безген оңбайтынын астарлы түрде меңзеп, оқырманға ой салады.
Кітап көпшілік оқырманға арналған.
Тоқаев К. Ұясынан безген құс: роман. – Астана: Фолиант, 2024. – 248 б.
Санаты: көркем әдебиет
Жыл: 2024
Сақтау орны: аб, ф1, ф2, ф8, ф11, ф16