Америкалық жазушы Джек Лондонның «Мартин Иден» романында еңбекқорлығы мен табандылығының арқасында жазушылық даңқтың шыңына көтерілген қарапайым теңізшінің өмірі баяндалады. Роман бай әулет - Морздардың ұлы Артурдың көше төбелесінде өзін құтқарып қалған Мартин Иденді отбасына таныстыруынан басталады. Ес білгелі қара жұмыстан көз ашпаған жігіт үшін мұндағының бәрі жоғары мәдениет пен тектіліктің үлгісіндей болып көрінеді. Жаңа ортада танысқан Артурдың қарындасы Руфьті бір көргеннен сұлулықтың, кіршіксіз тазалықтың, махаббаттың бейнесі деп қабылдайды. Осы сезімнің жетегінде кеткен ол қалайда Руфьке лайық болуды мақсат тұтады. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.
Лондон Д. Мартин Иден: роман. – Астана: Фолиант, 2024. – 424 б. – (Әлемдік классика).
Санаты: көркем әдебиет
Жыл: 2024
Сақтау орны: аб, ф8