Қазіргі қырғыз әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, жазушы-драматург Сұлтан Раевтың «Жанжаза» романы — терең психологиялық, философиялық шығарма. Романда реализм мен сюрреализм, мистика мен миф, тарих пен әлеуметтану бір-бірімен әсерлі үйлесіп, адам өмірінің құпияға толы қатпарлары шынайы ашылады. Қылмыс пен жазаның таразыға тартылар арасалмағы психологиялық параллелизм, символ және аллегория тәсілдері арқылы өрнектеледі. Автор қабат-қабат оқиғаларды шиеленістіре отырып, адамның ішкі дүниесі, жан тазалығы, иманы, Құдайға деген сүйіспеншілігі, сондай-ақ жалпы адамзат болашағы туралы түрлі ойларға жетелейді. Кітап көпшілік оқырманға арналған.
Раев С. Жанжаза: роман. – Астана: Фолиант, 2025. – 320 б. – (Алтын тамыр).
Санат: көркем әдебиет
Жыл: 2025
Сақтау орны: аб, ф1, ф2, ф8, ф11, ф16