Асқар Тоқмағамбетов
Автор Асқар Тоқмағамбетов

Биыл қазақтың ақыны және жазушысы Асқар Тоқмағамбетовтың туғанына 120 жыл толып отыр. 1928 жылы оның алғашқы жыр жинағы — «Еңбек жыры» жарық көрді. Кейінгі жылдары ақын Отан қорғау, интернационализм тақырыптарына арналған шығармалар жазды. Ол — фашизмнің сұмдығын алғаш болып суреттеген қазақ қаламгерлерінің бірі. Ұлы Отан соғысы жылдарында майдандағы ерлік пен тылдағы еңбек, халықтар достығы туралы Асқар Тоқмағамбетовтың өлеңдеріне жазылған патриоттық әндер кеңінен танымал болды. Оның поэмалары мазмұнына қарай төрт топқа бөлінеді: Ауыл өмірін суреттейтін туындылары: «Хат», «Бақыт кілті», «Қаскелең», «Өмір жолы», «Агрономның көктемі» және т.б.; «Әли батыр», «Ақын тағдыры», «Кремльдегі қарауыл» және т.б.; Отан қорғау, ерлік пен патриотизм тақырыбындағы шығармалар: «Ажалға жеңдірмеген алыптар», «Батырлар дастаны», «Еден сыпырушы әйел» және т.б.; Интернационализм тақырыбындағы поэмалар: «Берлин көшелерінде», «Испания», «Қараңғы түнде», «Рейн жағасында» және т.б. Көптеген лирикалық өлеңдеріне ән жазылған. Асқар Тоқмағамбетовтың «Поэзия минареті» атты романы XIX ғасырда өмір сүрген қазақ ақындарына арналған. Жазушы шығармашылығындағы маңызды бағыттардың бірі — сатира. Оның сатиралық өлеңдері мен фельетондары бірқатар жинақ болып жарық көрді. Асқар Тоқмағамбетовтың шығармашылық даралығы драма саласында да айқын көрінді. Оның «Әзірет Сұлтан», «Семафор ашық», «Екі заң» атты пьесалары — соның жарқын дәлелі.

 

Қазақтың көрнекті қаламгері әрі сайыпқыран сатиригі А. Тоқмағамбетов кай тақырыпқа қалам сілтесе де көркем ойдың көкжиегінен көрініп, қалың оқырманның сүйіспеншілігіне бөленгені баршаға аян. Сатира жанрының дамуына айрықша үлес қосқан қаламгердің бұл жинағына өмірдің алуан тақырыбыны арналған сықақтары мен мысалдары, сондай-ақ бір шогыр фельетондары беріліп отыр.

Тоқмағамбетов А. "Дейді екендер" дейді екен: сатиралық шығармалар. – Алматы: Ана тілі, 2005. – 288 б.

Санаты: Әдебиет күнтізбесі
Жыл: 2005
Сақтау орны: ф1до, ф8до, ф13

 

«Базар жырау» атты кітапша – белгілі қазақ қаламгері Асқар Тоқмағамбетовтың «Жыр күмбезі» романынаң өздеріңе лайықталып алынған үзінді. Мұнда XIX ғасырдағы жыр алыптарының бірі Базар Өтемісұлының өмірі мен жыраулық өнері көркем әңгімеленген.

Тоқмағамбетов А. Базар жырау. – Алматы: Жалын, 1984. – 52 б. – (Кел, балалар, оқылық) .

Санаты: Әдебиет күнтізбесі
Жыл: 1984
Сақтау орны: аб, ф1во, ф2, ф8

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР