Ақын, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген кайраткері Серік Ақсұңқарұлының шығармашылығы қазақ әдебиетінің асыл мұрасы, ұлттық руханияттың терең қырларын дәйектейтін ерек құбылыс. Автор поэзиясы мен карасөздері заман шындығын, адам болмысының күрделілігін және ұлт рухының тұғырлы құндылықтарын айшықтайды. Серік Ақсұңқарұлының үш томдық таңдамалы шығармалар жинағының «Қараорман» атты екінші томы автордың жиырма бірінші ғасырдың алғашқы жылдары жазылған енбектерін қамтиды. Бұл томда «Түрік саздары», «Менің болмыс-бітімім» атты терен лирикалық өлеңдер циклдерімен қатар, «Мың бір түннің бір түні», «Қарқаралы Қараорманым», «Моцарт пен Сальери» сияқты эпикалык поэмалары ұсынылған. Сонымен катар, жинаққа ақынның публицистикалық және философиялық ой-толғауларынан тұратын «Ей, тәкаппар дүние, маган да бір қарашы», «Хас сақтың соңғы тұяғы», «Тәңірдің тезі» сынды қарасөз үлгілері енгізілген. Бұл шығармалар оқырманды терең ойға жетелей отырып, қазіргі қазақ әдебиетінің жаңа деңгейге көтерілгенін дәлелдейді. «Қараорман» томы ұлттық әдебиет пен мәдениеттің байырғы дәстүрлері мен жаңа заман үнінің үйлесімді сабақтастығын көрсететін аса құнды еңбек.
Ақсұңқарұлы С. Таңдамалы шығармалардың үш томдығы Т. 2. – Қарағанды: Гласир, 2024. – 500 б.
Санаты: көркем әдебиет
Жыл: 2024
Сақтау орны: аб, ф1, ф2, ф8, ф1, ф16