Кітапта ХХ ғасырдың жетпісінші жылдардан бастап, ұлттық ғылымның дамуына үлкен үлес қосқан, Мемлекет және коғам қайраткері академик Өмірбек Жолдасбековтың 1971 жылы колға алған университет қалашығын салудағы жанкешті еңбегі, 1986-1989 жылдар аралығындағы Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы Г. Колбин мен ОК-тің өзге де хатшыларымен әлеуметтік әділдік үшін саяси күресі, сын сағаттардағы қайтпас қайсарлығы, шырғалаңға түскен тағдыр-талайы еш жерде жарияланбаған Республикалық архив материалдарының деректері бойынша баяндалған. Оқырмандарға түсінікті болуы үшін академикке катысты тұлғлар туралы да кеңірек мәліметтер берілген. Сондай-ақ Тәуелсіздік жылдар басында Инженерлік академияны құрып, оның ғылыми жұмыстарын аз жылдардың ішінде әлемдік деңгейге көтергені, Қазақстан Парламентінің депутаты ретінде елдің өміріне белсене араласып, ұлттық мүддені қорғағаны жайындағы жаңа архивтік деректер оқырмандар назарына ұсынылған. Кітап ұлтжанды зиялыларға, ғалымдарға, жалпы оқырмандарға арналған.
Адырбекұлы К. Академик Өмірбек Жолдасбеков (Өмірі. Қызметі. Тағдыры). - Алматы: ЖК «Тарпанбаева А.Ш.», 2025. - 304 б.
Санаты: тарих
Жыл: 2025
Сақтау орны: аб, ф1, ф2, ф8