Үндеме
Автор Қорғасбек Ж.

Жүсіпбек Қорғасбек - қазақтың белгілі жазушысы, журналист, қоғам кайраткері. Жазушының алғашқы шығармасы 1985 жылы «Көгілдір керуен» атты әңгімелер жинағымен шықты. Кейінгі жылдары ол қазақ оқырмандарына «Жансебіл», «Қасқыр-Адам», «Жынды қайың», «Үлпілдек», «Көкжалдар» сынды жинақтарымен танылды. Оның туындылары қоғам мен адам тағдырын тереңнен зерттеп, қазақ халқының рухани құндылықтарын, ұлттық болмысын шынайы суреттеумен ерекшеленіп тұрады. Әрдайым оқырмандарын толғандырып, терең ойға жетелейді. Өмірдің мәнін түсінуге ықпал етеді. Қолыңызға тиіп отырған «Үндеме» эссе кітабы жоғарыда айтқан ойымыздың шынайы жалғасы десек те болады. Ойы анық, шығарманың тілі көркем, тартымды оқылады. Кітап көпшілік қауымға арналған.

 

Қорғасбек Ж. Үндеме: эссе кітабы. - Алматы: Алматы - Болашақ, 2025. - 144 б. 

 

Санаты: әдебиеттану
Жыл: 2025
Сақтау орны: аб, ф1, ф2, ф8, ф11

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР