Абайтанудың кейбір мәселелері
Автор Тайшыбай З.

Бұл зерттеуді қолға алғанда қазақтың ұлы ақыны Абайдың көзі тірісінде баспасөз бетінде айтылған пікірлерді, ақынның өмірбаяны, туған, өскен ортасы жөніндегі деректерді саралау көзделді. Абайдың ойшылдығы, өз кезіндегі қазақ қоғамының өмірінде алған орны туралы алғашқы мағлұматтар, Абай шығармаларының мерзімді баспасөзге тигізген әсері қарастырылды.
Қазақ баспасөзінің тарихы қазақ тілінде шығарылған алғашқы «Түркістан уалаяты» газетінен басталды. Бұл газетте Абай туралы деректер кездеспейді. Ал, 1882-1902 жылдары Омбыда шығып түрған «Дала уалаяты» газеті беттерінен Абай шығармаларын, Абай есіміне байланысты деректерді табамыз. Бұл деректер: Абайдың көзі тірісінде газетте жарияланған «Жаздыгүн шілде болғанда» және «Болыс болды кей кісі» деген өлеңдері, «Ескендір» поэмасына қатысты «Тәкаппар әскербасы турасынан» деген өңгіме, Абайдың інісі Халиолла Өскенбаев туралы «Қазақтың төуір адамдарының қылған ісі» деген мақала, Абай есімі аталатын немесе Абай сөздері пайдаланылған газет материалдары.

 

Тайшыбай З. Абайтанудың кейбір мәселелері. - Алматы: Sardar G, 2025. - 224 б.

 

Санаты: әдебиеттану
Жыл: 2025
Сақтау орны: аб, ф1, ф2, ф8

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР