Жазушы Зейнел Жекейұлының жинағындағы әңгімелер негізінен туған топырақты, тілді сүюге, адами қасиеттерді қастерлеуге үндейді. Бұл қасиеттер нақты окиғалар желісінен көрініс табады. Қамшы өріміндей жұп-жұмыр жымдасып, оқырманды жетелеп отыратын да осы ізгі ойлар. Әр әңгімедегі оқиғалар ширығып, ерекше сезіммен ой тастап отырады. Мысалы «Тапталған тағдыр» әңгімесі тұтас ұлтты кемсітіп, мектеп бітірген қазақ жастарын қой соңына салып қойған кеңестік жүйенің кесірлі саясатын күйіне жеткізеді. Ал «Әке аманаты» әңгімесі - тірі жан түгілі, өлген қазақтың мүрделерін де корлатпауда нысанаға алған. Қаламгер тілі құнарлы, оқиғалар тартымды, кітап сонысымен де құнды.
Жекейұлы З. Тұлпар тағдыр. – Астана: Алматы-Болашақ, 2025. - 208 б.
Санаты: проза
Жыл: 2025
Сақтау орны: аб, ф1, ф2, ф8, ф11, ф16