Төлен Әбдік – қазақтың көрнекті жазушысы, драматургы және қоғам қайраткері. Оның шығармашылығы қазіргі қазақ әдебиетінде ерекше орын алады. Қазақ прозасында ерекше қолтаңбасы бар қабырғалы жазушы Төлен Әбдік туындыларында ұлттық таным мәселелері тереңнен қозғалады. Жазушының шығармалары: «Оң қол», «Қонақтар», «Жат перзент», әңгімелері адамдар арасындағы қайшылықты қарым-қатынасты сөз етсе, «Тозақ оттары жымыңдайды», «Әке» повестері оқырмандарын ойландырып, қай кезде болса да өзектілігін жоймаған тақырыптарды көтеріп, тосып образдар мен оқшау тұлғалардың мінез-құлқын ашқан.
Қонақтар
Бір қарағанда, "Қонақтар" әңгімесі әке мен ұлдың арасында немесе ата-ана мен бала арасында ренішті, көңілтолмаушылық пен зілді суреттеген шығарма болып көрінуі мүмкін. Алайда әңгіменің айтар ойын одан да терең, одан да биік ұғымдардан іздеуге болады.
Әбдік Т. Қонақтар. – Алматы: Мазмұндама, 2022. – 260 б.
Санатты: әңгіме
Жыл: 2022
Сақтау орны: 1ф, 8ф, 12ф, 13ф, ф11, 16ф