Эльчин Сафарлидің «Мен оралғанда үйде бол» кітабы қалам құдіретімен жүректің нәзік пернесін дөп баса білген ерек шығарма. Оқиға наубайханада жұмыс істейтін 70 жастағы Ханс қарттың қызы Достуға арнап жазған хаттарымен өріледі. Онда әкесі жан сарайын ақтарып, өмірдің мәні, сүйіспеншілік туралы ой-толғаныстарын жазады, қызына кеңес береді, отбасымен өткізген әр сәтін еске түсіреді. «Сағындым. Әкең» деп аяқталатын әр хатта мейірім мен махаббат, сап-сары сағыныш тұнып тұр. Бір деммен оқылатын шығарма жанарыңа мөлдір моншақтар тізіп, жаныңды мұңға бөлейді.Кітап көпшілік оқырманға арналған.
Сафарли Э.Мен оралғанда үйде бол: роман. – Алматы: Мазмұндама, 2025. – 320 б.
Санаты: роман
Жыл: 2025
Сақтау орны: аб