Бұл еңбекте қазақ руханиятының қымбат қазынасына айналған әндердің жүректен туған сәттері, олардың арғы-бергі тарихы мен сырлы әлемі шебер өрілген. Композитор, жазушы әрі өнер зерттеушісі Илья Жақанов оқырман-ды төл музыкамыздың тұнық бастауына жетелеп, «Махаббат вальсі», «Жайық қызы», «Айгөлек», «Еділ-Жайық» секілді мәңгілік әуендердің қалай дүниеге келгенін әсерлі эссе мен нәзік новелла тілімен баяндайды. Сонымен қатар бұл туындыда, өмір жолы, өнердегі сүрлеуі мен ұстанымы, қазақ мәдениетіне сіңірген еңбегі терең талданып, ұлт музыкасының табиғатын тануға арналған «Шыңғыс шуағы немесе «Даниярдың әні» ашқан даңғыл жол», «Феномен» секілді мәнді мақалалар топтастырылған. Ұлттық өнердің тарихын, әуеннің болмысын сезінгісі келетін әрбір оқырман бұл жинақтан рухани ләззат алып, жүрекке жылы әсер табады.
Жақанов И. Бұлбұл әуезі: эссе, новеллалар, мен мақалалар. – Астана: Paraq Print, 2025. – 640 б.
Санаты: проза
Жыл: 2025
Сақтау орны: аб, ф1, ф2, ф8, ф11, ф16