Түрік балаларының сүйікті шығармасына айналған Бирсен Еким Өзеннің «Шырын» атты кітабының басты кейіпкері Шырын — қиялы жүйрік, арманшыл, жанашыр, батыл әрі аңғал қыз. Айналасын әлі толық танып үлгермеген оған бәрі қызық, бәрі таңсық. Осы қызығушылығының әсерінен кейде үлкендерден ұрыс еститін сәттері де аз емес. Бірақ жүрегі кіршіксіз таза, қулық-сұмдықтан ада. Соңында басынан кешкен оқиғадан өзінше ой түйіп, сабақ алады. Шығарманың тілі жеңіл, ойнақы, жинақы, еріксіз езу тартқызатын юморға бай.
Өзен Б. Шырын. Басшы болу оңай ма?: әнгімелер.– Алматы: Мазмұндама, 2024. – 100 б.
Санаты: әзіл шығарма
Жыл: 2024
Сақтау орны: 1ф, 8ф, 12ф, 11ф, 13ф, 16ф