Дәнеш Ахметұлы
Автор Дәнеш Ахметұлы

Дәнеш Ахметұлы есімі әдеби ортаға бұрыннан таныс. Оның «Адал ас», «Нан мен тұз», «Ұшатын сандықша», «Шапағат шұғыласы», «Қыран жанарындағы ғұмыр», «Райымбек батыр», «Өшпейтін оттың жарығы», «Дәнеш ағайдың ертегілері» т.б. әр жылдары жарық көрген кітаптары оқырмандардың қызу талқысына түсті. Жазушының «Бүлдірген қалың шыққан» жинағында қазіргі бала өмірінің әр түрлі жақтары туралы айтылады. Баланың жаны, оның өмірге қатынасы әр түрлі мінездік қасиеттерден көрінеді.
 

Аталмыш жинақтың тақырыбы алуан түрлі, айтар ойы да өзекті. Қай хикаят, әңгіме, ертегілерді алып қарасақ та бүгінгі өскелең тірлік, жасампаз өмірдің көрінісі байқалады. Әсіресе, жас жеткіншектерді отаншылдыққа, патриотизмге, табиғат ананы әспеттеуге деген қызығушылығын арттыру жинақтың басты идеясы болып табылады. Ертегілерден ғылыми-техникалық көрініс, робот, электроника әсері байқалады. Жинақ кітапқұмар қалың оқырманға арналған.
 

Ахметұлы Д. Таң арайы. – Алматы: Дәуір, 2024. – 256 б.

Санаты: хикаяттар, ертегілер
Жыл: 2024
Сақтау орны: 1ф, 8ф, 11ф, 12ф, 13ф

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР