Бату хан: тарихи-деректі роман
Автор Дәлейұлы Ұ.

     Танымал жазушы Ұларбек Дәлейұлының «Бату хан» тарихи-деректі романы Қыпшақ ұлысында Жошы ханнан кейін таққа отырған Бату ханның жастық шағын, оның Шыңғыс қағаннан бата алып, алғашқы жорықтарға аттанған кезеңін суреттеуден басталады. Бату өз заманында шүршітті қайыра шапқан шайқастарға белсене қатысып, Батысқа жорық жасап, Еуропаға дейінгі байтақ аумақты иеленген. Көшпенділерге тән далалық заң негізінде байтақ ұлыс территориясында жаңа тәртіп пен мәдениеттің, озық өркениеттің қалыптасуы Бату хан бастаған ханзадалар мен нояндардың, жанкешті жасақтардың ерен ерлігінің нәтижесі. Романда сан қилы оқиғалар желісі қазақы құнарлы тілмен өрнектеледі. Кітап көпшілік оқырманға арналған.

Дәлейұлы Ұ. Бату хан: тарихи-деректі роман. - Астана: Фолиант, 2025. - 368 б.    

Санаты: көркем әдебиет
Жыл: 2025  
Сақтау орны: аб, ф8

 

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР