Minecraft әлеміне саяхат

Балалар жинағы

«Стивтің күнделігі» атты кітаптар сериясы — сіз үшін нағыз олжа! Бұл кітаптарда қарапайым мектеп оқушысы Стивтің Майнкрафт ойынына кенеттен тап болып, сол әлемде қалып қойғаны туралы қызықты оқиғалар баяндалады. Елестетіп көріңіз: Стив ешқашан бұрын бұл ойынды ойнамаған, ал енді айналаның бәрі — текше пішіндерден тұрады! Үйіне оралу үшін ол тез арада үй салуды, құралдар жасауды, монстрлардан қорғануды үйренуі керек. Ол криперлерден қашып, зомбилер мен өрмекшілермен шайқасады, жаңа әлемдерді зерттеп, таңғажайып тіршілік иелерімен танысады және достар табады. Әр кітап — Стивтің шынайы күнделігі секілді. Онда ол күлкілі жағдайлар, керемет оқиғалар және ересектердің көмегінсіз қалай батыл әрі дербес бола алғаны туралы сыр шертеді.

Minecraft әлеміне саяхат
Жинақтағы кітаптар

10

Санат

Балалар кітаптары

10 кітап