«Ертегі әлемінде» дауыстап оқу
Халықаралық «Алақаныңдағы кітапша» акциясы аясында жас оқырмандар Сергей Козловтың «Трям! Здравствуйте!» ертегісі бойынша қызықты саяхатқа аттанады. Балаларды сүйікті ертегіні дауыстап оқу, осы шығарма бойынша түсірілген мультфильмді тамашалау, әдеби викторинаға қатысу және «Көңілді кірпі» атты шығармашылық шеберлік сағатында қолөнер бұйымын жасау күтеді. Іс-шара барысында балалар ертегі кейіпкерлерімен танысып, достық, мейірімділік және қиял әлемі туралы ой бөліседі.
Время:
11:00
- 12:00
Ұйымдастырушы:
8 Кітапхана – филиалы