Top.Mail.Ru

«Туған өлке таланттары» жұлдызды сәт

Шахтинск қаласының 65 жылдық мерейтойына арналған бұл танымдық іс-шара қала тарихы, өнер және дарын иелерін бір алаңға жинайды. Қатысушылар туған қаланың өткені мен бүгіні туралы қызықты мәліметтер алып, оның дамуына үлес қосқан көрнекті тұлғалармен танысады. Іс-шара барысында қатысушылар білімдерін түрлі викториналар, шығармашылық байқаулар және танымдық тапсырмалар арқылы тексере алады. Кездесудің ерекше бөлімі – шығармашылық алаң. Мұнда әрбір қатысушы өз өнерін көрсетіп, сүйікті ісі туралы әңгімелеп, талантын таныстырып, жетістіктерімен бөлісуге мүмкіндік алады.

25.08.2026
Время: 12:00 - 13:00
Ұйымдастырушы: №1 кітапхана – филиалы