«Адалдық сызығы» пікірталас ойыны
Жалықтыратын дәрістердің орнына қатысушыларды интерактивті ойын жағдаяттары, ашық пікір алмасу, викторина және шағын тренингтер күтеді. Оқушылар өмірлік жағдаяттарды талдап, адал әрі жауапты шешімдер қабылдаудың жолдарын қарастырады, жеке жауапкершіліктің маңызын талқылап, адалдықтың қоғамдағы сенімнің маңызды негізі екенін түсінеді. Сонымен қатар қатысушылар өз құқықтары туралы білімдерін тексеріп, сыбайлас жемқорлықтың кең таралған көріністерін ажыратуды үйренеді.
Время:
15:00
- 16:00
Ұйымдастырушы:
2 кітапхана – филиалы