«Абай мұрасы мәңгілік» әдеби шолу
Әдеби шолу қазақтың ұлы ақыны, ойшылы әрі ағартушысы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық мұрасына арналады. Іс-шара барысында қатысушылар ақынның өлеңдері мен «Қара сөздерімен» танысып, олардың қазіргі қоғамдағы маңызын талқылайды. Сонымен қатар Абайдың «Толық адам» философиясы туралы түсінік алады. Шолу барысында ақынның өлеңдері мен әндері орындалып, шығармаларындағы рухани-адамгершілік құндылықтардың бүгінгі ұрпақ үшін де маңызын жоймағаны жайында пікір алмасады. Қатысушылар Абай мұрасының терең мазмұнын түсініп, оның адам тәрбиесі, білім, еңбек және ізгілік туралы ойларының өміршеңдігін саралайды.
Время:
13:00
- 14:00
Ұйымдастырушы:
16 кітапхана – филиалы