«Абай – жүрегімде» челлендж
«Абай – жүрегімде» челленджі Абай Құнанбайұлының бай әдеби мұрасын насихаттауға бағытталған. Челлендж барысында қатысушылар ақынның өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділерді мәнерлеп оқып, олардың тәрбиелік және танымдық мәнін ашады. Сонымен қатар Абай шығармашылығының адамгершілік, білім, еңбек және елдік туралы ой-толғамдары төңірегінде пікір алмасып, өздеріне ерекше әсер еткен шығармалары туралы әңгімелейді. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың Абай мұрасына деген қызығушылығын арттырып, ақын шығармаларын кеңінен насихаттау.
Время:
15:00
- 16:00
Ұйымдастырушы:
12 балалар кітапхана – филиалы