Жазушының бұл жинағына студент шағында жазған тұнғыш повесі «Қызыл бөлтірік» пен қырықтын қырқасынан асқанда туындатқан романы «Туажат», елуді еңсергенде әдібтеген «Былғары табыт» романы енгізілді. Жазушы бүгінгі алмағайып уакыт пен аласапыран қоғамдағы адамның өзгеріске үшырап жатқан жан-дүниесін ашады. Елімізде жойылып кеткен «қызыл қасқырлар» туралы қиялдайтын бала арманы «қызыл бөлтірік» арқылы Архаттың мойымас тағдырын бейнелейді. Байбура кейіпкері өмірде өгей күн кешіп, туғаннан «туажат» адамға айналса, Толғанбай образы арқылы қазіргі Қазақ коғамы жат жұрттың санасымен уланып, «жатжады» ғұмыр кешіп жатқанын, қазақ ұлты жатжадылықтан бөгде жұртка «қолжаулық» болып отырғанын философиялык астарда ашып береді. Қаламгер ұлы сақ-ғүн заманынан бізге алапат аңыз боп жеткен «былғары табытпен» жазалау салтын айқындап, туған еліміз әлі күнге былғары табыт ішінде құндақталып, рухани азаттыққа қол жеткізе алмай отырғанын тап басып суреттейді. Бұл шығармалар уақыт жылжыған сайын Ұлт руханиятын байыта түсер үзілмес ұлы сарынды туындылар екеніне бек сенеміз.
Алтай А. Былғары табыт: повесть, романдар. - Алматы: Арда+7, 2025. - 480 б.
Категория: исторический роман
Год: 2025
Место хранения: аб, ф1, ф2, ф8, ф11, ф16