Сүлеймен Мәметтің бұл жинағына қасиетті жеріміз, атажұрт еліміз, Абай ұрпақтары, ұлт арыстары Т. Жүргенов, І. Омаров, Ө. Жәнібеков, қаламгерлер Б. Соқпақбаев, М. Мақатаев, Ә. Кекілбайұлы, Ш. Смаханұлы, О. Бөкей, М. Байғұт, Қ. Ергөбек, М. Асан, Ж. Байбұланова, ғалымдар М. Мырзахметұлы, К. Ормантаев, М. Тойшыбеков, Р. Елешев, Н. Шәйкенов, Ш. Беркімбаева, С. Ақшолақов, 3. Қинятұлы, тағы басқалар туралы эсселер, сұхбаттар, мақалалар енген. Сонымен қатар, халқымыздың қадірлі қасиеттері, салт-сана, үлгі, өнегелеріне қатысты талдау дүниелері де жинақталған. Кейінгі ұрпақ айтпай кетіпті демесін деген идеяларға құрылған шағын жазбалары да бар. Кітаптың аты айтып тұрғандай, мұнда азат елдің тірегі саналатын қазақ халқының қақысы да сөз болады. Түйіп айтқанда, ұлттық менталитетіміздің сан-саласы желі тартады. Кітаптың тілі орамды, ой иірімдері әр оқырманның көкейінен шығады деп білеміз.
Мәмет С. Қазақтың қақысы: эсселер, сыр-сұхбаттар, мақалалар, ой-толғамдар Мәмет. - Алматы: Алматы-Болашақ, 2025. - 496 б.
Категория: литературоведение
Год: 2025
Место хранения: аб, ф1, ф2, ф8, ф16