Бұл жинаққа Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әйгілі композитор, жазушы және өнер зерттеушісі Илья Жақановтың жүрекке жылы тиер эсселері, өмір деректері мен әдеби-музыкалық мұрасына арналған танымдық жазбалары, сондай-ақ, елге кеңінен таралған «Жайлаукөл кештері «Ойыл толқыны», «Даниярдың әні» секілді әндерінің шығу, тарихы топтастырылды. Кітаптағы әр туынды композитордың ішкі әлемінен сыр шертіп, халық қазынасына айналған әндердің арғы қайнар көзін, туған сәтіндегі толқыныс пен тағдырын таныта түседі. Оқырман сол арқылы өз дәуірінің рухын сезініп, ұлан-ғайыр қазақ даласының көркем келбетімен, ұлтымыздың ән мен өнерге деген ерекше іңкәрлігімен қайта қауышады.
Жақанов И. Еділ-Жайық: – Астана: Paraq Print, 2025. – 608 б.
Категория: проза
Год: 2025
Место хранения: аб, ф1, ф2, ф8, ф11, ф16