Осы жинақтың алғашқы бөлімдеріндегі жыр жолдарына назар аударған оқырманыма алдын ала айтайын дегенім мұндағы туындылар, негізінен, бозбала шақтың қойын дәптерлерінен алынған, яғни қағаз бетіне түскеніне әрісі елу, берісі отыз шақты жыл болған дүниелер. Сондықтан да оларға қазақ жырының бүгінгі көтерілген биігінен қарағанда, кей шумақтардың «бір қайнауы ішінде» болуы мүмкін. Оны өзім де сеземін. Тіпті бірсыпырасын бас салып «сүргілеп», ажарлағым да келді. Бірақ өйтпедім. Сол алыс жылдардың жыр жолына өрілген жүрек лүпілі оған назар аударған окыр-манға сол күйінде жеткенін дұрыс көрдім. Ал жинаққа енген эсселер мен естеліктерге келетін болсак, олар тағдыр менің пешенеме жазған өмір жолының қалтарыс-бұрылыстарын бейнелеумен бірге, дүниеден озып кеткен бірқатар дос-жолдастарымның жүрегімде сақталған жарқын бейнесі секілді. Оларды да бір уақытта қажеттілікке қарай кағаз бетіне түскен күйінде қалдырмай, келешекте біреу болмаса біреудің назарына шалынар деген ниетпен топтап, жинаққа енгізуді жөн көрдім.
Көшенов Ғ. Күзге әуен: өлеңдер, эсселер, естеліктер. – Алматы: Баспа, 2025. - 320 б.
Категория: проза и поэзия
Год: 2025
Место хранения: аб, ф1, ф2, ф8, ф16