Жазушы, этнограф, журналист Бекен Қайратұлының жаңа жинағына халқымыздың әдет - ғұрпы мен салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігіне арналған этнографиялық әңгімелері топтастырылды. Қаламгер сан ғасырлар сүзгісінен өткен саф алтындай тұрмыс - салтымызды қызықты суреттеп, байырғы болмысымызды көркем сөзбен кестелейді. Қазіргі қарбалас уақытта мәдени-рухани қазынамыздан айырылып қалмауға, әдет - ғұрыпты жаңғыртуға үндейді. Кітап қалың оқырман қауымға арналған.
Қайратұлы Б. Құмайторы: этнографиялық әңгімелер, оқиғалар, этюдтер. - Алматы: Баспа, 2025. - 240 б.
Категория: этнографическая проза
Год: 2025
Место хранения: аб, ф1, ф2, ф8, ф16