Аягүл Мантайдың «Уақыттың көз жасы» атты кітабында автордың әртүрлі тақырыптағы шағын әңгімелері жинақталған. Ол қалтарыс-бұлтарысы көп өмір жолындағы қиын да қызық естеліктерін шығармаларына арқау етеді. Әңгімелердің көлемі шағын болғанмен, психологиялық тартысқа, күрделі ойларға толы. Жазушы өмірдің мәні, адамзаттың мұраты, құдаймен байланыс сынды сан түрлі философиялық сауалға жауап іздей отырып, өзінің «Мендігімен» тартысқа түседі. Кітап көпшілік оқырманға арналған.
Мантай А. Уақыттың көз жасы: әңгімелер жинағы. - Астана: Фолиант, 2025. - 176 б. - (Бүгінгі проза).
Категория: проза
Год: 2025
Место хранения: аб, ф1, ф2, ф8, ф11, ф16.