«Терроризм және экстремизм – қоғамға төнген қауіп» бейне-дәріс
Бейне-дәріске қатысушылар терроризм мен экстремизм ұғымдарымен, олардың қоғамға тигізетін қауіп-қатері және адам өміріне әкелетін зардаптарымен танысады. Іс-шара барысында тақырыптық бейнематериал көрсетіліп, одан кейін бейбітшілікті сақтау, адам өмірін құрметтеу, азаматтық жауапкершілік және зорлық-зомбылық идеологиясына қарсы тұру мәселелері бойынша талқылау өткізіледі. Кездесу қатысушыларға қауіпсіз әрі татулыққа негізделген қоғам құрудағы әр адамның рөлін түсінуге мүмкіндік береді.
Время:
11:00
- 12:00
Ұйымдастырушы:
Бұқар Жырау атындағы орталық қалалық кітапхана