Қоғамда бейбітшілік пен түсіністікті сақтау жолдары
5 қараша күні кітапхананың «Жастар vectory» клубының кезекті отырысы «Қоғамда бейбітшілік пен түсіністікті сақтау жолдары» тақырыбында рухани ағарту сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Мәулен Әбілқайыр Касенұлы қатысып, қатысушыларға бейбітшілік, қоғамдық келісім, өзара құрмет пен толеранттылықтың маңызы туралы ақпарат берілді. Адамдар арасындағы түсіністікті нығайту, келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешу және қоғамдағы татулықты сақтау мәселелері талқыланды.
Кітапханашы бейбіт қоғамның негізгі қағидаларына тоқталып, жастарды өзге адамдардың пікірін құрметтеуге, сабырлылыққа, мейірімділікке және жауапкершілікке шақырды.
Іс-шараның интерактивті бөлімінде қатысушыларға күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдаяттар ұсынылды. Олар пікір қайшылығы, әлеуметтік желідегі жанжал және жаңа ортаға бейімделу мәселелерін талқылап, оларды шешудің тиімді жолдарын ұсынды.
Сонымен қатар, бейбітшілік пен бірлік туралы нақыл сөздердің мағынасы талданып, қатысушылар өз ойларымен бөлісті. Қорытынды бөлімде әр адамның қоғамдағы татулықты сақтауға қосатын үлесі туралы пікір алмасу жүргізілді.
Рухани-ағарту сағатының нәтижесінде қатысушылар бейбітшілік пен өзара түсіністіктің қоғам өміріндегі маңызын ұғынды. Іс-шара жастарды адамгершілікке, өзара сыйластыққа, толеранттылыққа және қоғамдық келісімді сақтауға бағыттады.