Рухани келісім – бейбітшілік пен тұрақтылық кепілі
«Рухани келісім – бейбітшілік пен тұрақтылық кепілі» дөңгелек үстел. №16 кітапхана-филиалының қызметкерлері жастар арасында «Рухани келісім – бейбітшілік пен тұрақтылық кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Кездесу барысында қатысушылар Рухани келісім күнінің тарихы мен мән-маңызын, оның қоғамдағы бейбітшілік пен татулықты сақтаудағы рөлін талқылады. Сондай-ақ жастар арасында толеранттылық мәдениетін қалыптастыру, өзге көзқарастар мен діни сенімдерге құрметпен қарау, радикалды идеялар мен үгіт-насихаттың алдын алу мәселелері қозғалды.