Электронды каталогта навигация: сенімді пайдаланушы
Бұқар жырау атындағы Шахтинск орталық қалалық кітапханасында оқушыларға арналған «Электронды каталогта навигация: сенімді пайдаланушы» атты интерактивті сабақ өтті. Іс-шара барысында қатысушылар «Кітапханалық бинго» ойыны арқылы кітапхана әлеміне саяхат жасап, кітапханалық каталогтың мақсаты мен міндеттерімен танысты. Презентация кезінде электронды каталогтан кітапты авторы, атауы және кілт сөздер бойынша іздеу жолдары көрсетілді. Практикалық тапсырмалар арқылы оқушылар қажетті әдебиетті өз бетімен тауып, каталогпен жұмыс істеу дағдыларын бекітті. Сабақ ақпаратты іздеу мәдениетін қалыптастырып, кітапхана ресурстарын тиімді пайдалануға қызығушылықтарын арттырды.