Кітапхана виртуалды әлемде
Кітапхана мәдениеті айлығы аясында Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияның 3-сынып оқушыларына арналған «Кітапхана виртуалды әлемде» атты кітапханалық сабақ өткізілді. Іс-шара «Шахтинск ОКЖ» КММ электрондық ресурстарымен таныстыруға арналды. Оқушылар сайттың балаларға арналған парақшасының мүмкіндіктері туралы біліп, электронды форматтағы кітаптар топтамасымен танысты және кітапхананың онлайн кеңістігінде бағдарлауды үйренді. «Оқы! Тыңда! Ойна!» интерактивті платформасында балалар әдеби кейіпкерлер бейнеленген пазлдарды үлкен қызығушылықпен құрастырды, аудиоертегілер тыңдап, танымдық викториналардың сұрақтарына жауап берді. Іс-шара балалардың қызығушылығын оятып, көңілдерінен шықты.