Алтын күз

16.09.2026 16:45 Администратор библиотеки
Алтын күз

Шахтинск орталық қалалық кітапханасында «Алтын күз» шығармашылық шеберханасы өтті. Кездесуді көңілді музыкалық жаттығудан бастап, күз туралы әңгімелесіп, табиғаттың ерекшеліктерін еске түсірдік және күз тақырыбындағы бейнеролик тамашаладық. Шеберхананың негізгі бөлігі шығармашылық жұмысқа арналды. Қатысушылар бояулар мен мақта таяқшаларының көмегімен «Алтын ағаш» композицияларын жасап, күздің жарқын бояуларын өз жұмыстарында бейнеледі. Әр жұмыстың өзіндік ерекшелігі мен әсемдігі болды!  Сонымен қатар қызықты ойындар ұйымдастырылды: арқаннан көкөністерді жинау, көкөністердің бөліктерін сәйкестендіру, көкөністердің ішкі көрінісін табу, жапырақтар мен саңырауқұлақтарды жинау. Кездесу соңында қатысушылар өздерінің көңіл күйіне сәйкес түсті жапырақты таңдап, алған әсерлерімен бөлісті. Күз әрқайсымызға жылулық, жақсы көңіл күй және жарқын әсер сыйласын! 

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР