Кітап әлеміне саяхат
№16 кітапхана-филиалының қызметкерлері бірінші сынып оқушыларына «Кітапқа құштарлық» атты экскурсия ұйымдастырды. Ертегілердің сүйікті кейіпкерлері – Түлкі мен Қасқыр балаларды кітапхана әлемімен таныстырып, кітапты күтіп ұстау ережелерін түсіндірді. Балалар «Иә немесе жоқ» ойынына белсене қатысып, ертегілерге қатысты қызықты жұмбақтарды шешті. Сондай-ақ «Сиқырлы сандықша» викторинасында білімдерін сынап, «Кітап пойызы» ойынын қызыға ойнады. Кездесу соңында жас оқырмандар салтанатты түрде «Жас оқырман антын» қабылдап, естелік медальдарға ие болды. Іс-шара қызықты әрі көңілді өтіп, балаларға көтеріңкі көңіл күй мен ұмытылмас әсер сыйлады!