Кітапқа құштарлық – 3
№16 кітапхана-филиалы жас оқырмандарға есігін қайта айқара ашты! Бұл жолы кітапхана қонақтары 1 «Б» сынып оқушылары болды. Олар үшін «Кітапқа құштарлық – 3» атты қызықты экскурсия ұйымдастырылды. Бірінші сынып оқушылары үшін ертегі кейіпкерлері – Түлкі мен Қасқырдың пайда болуы нағыз тосынсый болды. Іс-шараның шарықтау шегі – оқушыларды оқырман қатарына салтанатты түрде қабылдау рәсімі. Бірінші сынып оқушылары Жас оқырман антын қабылдап, естелікке медальдар алды.