Кітапқа құштарлық – 2

16.10.2026 17:01 Администратор библиотеки
Кітапқа құштарлық – 2

№16 кітапхана-филиалында 1 «В» сынып оқушыларына арналған «Кітапқа құштарлық – 2» атты экскурсия өтті. Ертегі кейіпкерлері – Түлкі мен Қасқыр ойын түрінде бірінші сынып оқушыларын кітапты пайдалану ережелерімен таныстырды. Балалар түрлі байқауларға, викториналарға және көңілді ойындарға қатысты. Іс-шара соңында «Жас оқырман антын» қабылдап, естелік медальдарға ие болды.

 

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР